×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Пандемияның игілігі: Қазақстанда бала туу көрсеткіші рекордтық көрсеткішке жетті

24.05.2022, 15:45
фото: ашық дереккөзден

Коронавирус пандемиясына байланысты енгізілген карантиндік шектеулер елімізде бала туу көрсеткішінің артуына ықпал етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Елімізде беби-бум басталған 2020 жылы 426,8 мың нәресте дүние есігін ашқан. Ал 2021 жылы бұл рекорд жаңарып, 446,5 мың балаға дейін жеткен. 

Ал биылғы жылдың үш айында 95,6 мың туу туралы акт тіркелді. Яғни беби-бум 2022-де де жалғасын табуда. 

Бала туу коэффициенті бойынша 2021 жылы жаңа рекорд орнады: әрбір 10 мың қазақстандыққа 235 жаңа туған сәбиден келеді. Салыстырмалы түрде айтатын болсақ, осыдан 20 жыл бұрын 149 баладан келетін еді. 

Сондай-ақ, туудың қосынды коэффициенті 3,32-ге жетті, басқаша айтар болсақ, енді бір әйелге кемі үш баладан келеді. Мұндай рекордты көрсеткіш Қазақстанда тек соңғы екі жылда тіркелген. Салыстырсақ: 1999 жылы коэффициент небәрі 1,8-ді құраған болатын. Яғни екінші баланың өзін барлық әйелдер тумаған. 

Бір айта кетерлігі, 2021 жылы дүниеге келген балалардың 28%-ы, яғни 125,1 мың бала көпбалалы отбасында туған. Оның ішінде 95 сәби бала саны оннан асатын отбасын толықтырған.