Тараз қалалық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап.
Биылғы 16 мамыр күні Антикоррупциялық қызмет Тараз қалалық сотының төрағасы А. Мадемаровқа қатысты тергеуді бастады.
Оған азаматтық іс бойынша оң шешім қабылдағаны үшін 1 млн теңге сомасында пара алу фактісі бойынша айып тағылған.
Қылмыстық-прецессуалдық кодексінің 201-бабына байланысты өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды.