×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Президент кеңесшісінің ұлы "ҚазМұнайГаз" компаниясында лауазымды қызметке тағайындалды

25.05.2022, 14:03
фото: ашық дереккөзден

Белгілі журналист Дәурен Омаров "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің басшысы қызметіне тағайындалды.

Бұл туралы журналист өзінің Facebook парақшасында мәлім етті.

"Бүгіннен бастап "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясы баспасөз қызметінің жетекшісі болып тағайындалып, жаңа жұмысқа кірістім. Еліміздің ірі компаниясының тыныс-тіршілігі туралы халықты және БАҚ өкілдерін уақтылы хабардар етіп тұруға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Осы орайда, жауапты қызметті сеніп тапсырған "ҚазМұнайГаз" ҰҚ АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Маратұлы Мырзағалиевке ризашылығымды білдіремін. Жаңа міндеттеріме жауапкершілікпен қарап, абыроймен атқаруға тырысамын. Сіздермен үнемі байланыста боламыз!" деп жазды ол. 

Дәурен Бауыржанұлы Омаров Алматы қаласында дүниеге келген. 

ҚазҰУ шығыстану факультетіне оқуға түсіп, ұзамай іріктеу сындарынан өтіп, Қытайға оқуға жолдама алады.

2005-2006 жылдары Шығыс-Қытай педагогикалық университетінде қытай тілі курсынан өткен.

2006-2010 аралығында Шығыс-қытай ғылым және теxнологиялар университетіне инженерлік менеджмент мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алған.

2010-2012 жылдар арасында атаулы білім ордасында магистратурада оқып, экономикалық құқық магистры дәрежесін алған.

"Қазақстан" ұлттық арнасында, ҚР Шанxай (ҚХР) қаласындағы бас консулдығында қызмет еткен. "Алматы" телеарнасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.