×
472.17
495.5
7.57
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
472.17
495.5
7.57

Бұдан былай әуе компаниялары кешіккен рейс үшін жолаушыларға өтемақы төлейді

25.05.2022, 16:13
фото: ашық дереккөзден

Бұдан былай рейсі кешіккен жолаушылар әуе компанияларынан өтемақы талап ете алады. Бүгін Мәжілісте бірінші оқылымда мақұлданған «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында осындай норма бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Халық қалаулыларының сөзінше, рейс кешіккен жағдайда, әуе компаниясы әр сағат үшін билет құнының  3%-ын төлеуге міндеттелмек. 

"Рейстері тұрақты түрде кешігетін әуе компаниялары бар. Енді бұл оларды тәртіпке келтіреді деп үміттенеміз. Азаматтар рейс кешіккен әр сағат үшін билет құнының 3% қайтара алады. Алайда жалпы сомма билет құнынан аспауы керек", – деді депутат Альберт Рау.

Мәжілісмен Елнұр Бейсенбаев келтірген дерекке сүйенсек, 2020 жылдың соңына қарай шамамен 51 мың рейстің 6 735-сі кешіккен. Яғни әрбір сегізінші ұшақ уақытында ұшпаған. 2021 жылы 68,7 рейстің 12,8-і кешікті.