×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қаңтар оқиғасы: Тимур Кимге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

26.05.2022, 13:03
видеодан алынған кадр

Қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздікке қатысты деп айыпталған Алматы тұрғыны Тимур Кимге қатысты қылмыстық іс тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz оның жары Ләйлім Әбілдаеваның Instagram парақшасына сілтеме жасап. 

Желіде жарияланған видеода Тимур Ким 25 мамыр күні прокуратурадан шыққанын және қылмыстық істі тоқтату туралы қаулыны алғанын мәлімдеді. Сондай-ақ бастапқыда өзіне "Терроризм актісі" бойынша айып тағылғанын айтады. Ақпан айында қылмыстық істегі терроризм туралы бапты "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" деп өзгерткен.

Тергеу изоляторынан шыққан соң Тимур Кимді полиция және изолятор қызметкерлері азаптаған. Ол Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне арыз түсірді. Алайда жары Ләйлім Әбілдаеваның сөзінше, видеоайғақ болмағандықтан, іс жылжымай тұр.