×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Конституциядағы өзгерістердің ауыл өміріне тікелей әсері бар – Мырзахметов

26.05.2022, 15:11

Астанада басталған реформалар ауыл адамдарының өміріне тікелей әсер етпек. Kz Пульс Youtube арнасына берген сұхбатында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының бұрынғы төрағасы Абылай Мырзахметов осылай мәлімдеді,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ауыл адамы түсіну керек. Қазіргі президенттің реформасы астанада басталды, сосын Парламентте қаралып, Парламенттен мәслихатқа келеді. Аудан мәсихаты, қала мәслихаты, облыс мәслихаты. Облыстың бюджеті қаралады. Сол бюджетті қараған кезде сіздің сайлаған депутаттарыңыз неге жарық жоқ, неге жол жоқ, ескерткіш қоямыз ба, той жасаймыз ба, әлде бірінші кезекте жол жөндейміз бе немесе оның табысын көтеруді ойлаймыз ба деп пікір таластырады. Міне, заңның өзгеруі неге алып келеді. Нақты сіздің өміріңізге тікелей әсері бар. Сіз сайлаған мәслихаттағылар, сіздің пікіріңізге, сіздің сайлауыңызға тәуелді азамат ертең сіздің жағдайыңызды ойлайды. Сізге келіп жауап береді», – деді Абылай Мырзахметов.

 Сондай-ақ, қоғам қайраткері әр өңір депутаттарды өз территориясынан сайлайтынын атап өтті.

 «Бұрын партиялық тізіммен сайланатын. Сол сайланған депутаттарды ертең шақырып алып, оған сенімсіздік білдіруі мүмкін. Ол да Конституцияда жазылған. Міне, Конституциядағы өзгерістер сіздің ауылдағы өмірге тікелей әсер етпек. Сіз сайлау арқылы әр деңгейде бюджеттің бөлінуін қадағалай аласыз, сіздің мүддеңізге қарай бөлінеді», - деп түсіндірді  ол.