×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Есірген түлектер: Маңғыстауда жүргізуші куәлігі жоқ 16 жеткіншек көлік тізгіндеген

26.05.2022, 17:08
видеодан алынған кадр

Маңғыстау облысында өткен тәулікте мектеп бітірушілерге қатысты 119 хаттама толтырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Өңірде 25 мамыр күні 350-ден астам полиция қызметкері көше қауіпсіздігін бақылауға шыққан. Олардың айтуынша, кортеждегі көліктердің терезесінен шыққан түлектер жол қозғалысына қауіп төндірген. Ең сорақысы, жүргізуші куәлігі жоқ 16 жеткіншек автокөлік тізгіндеген.

Құқық қорғаушылар әлеуметтік желіге таралған бейнежазбаларды қарап, қоғамдық орында тәртіп бұзған жастарды әкімшілік жауапқа тартқан. 35 көлік айыптұраққа жабылды.

“Түлектер жасаған құқық бұзушылықтың басым көпшілігі көлік терезесінен басын шығарып, өз өміріне қауіп төндіру болды. Бұл құқық бұзушылық үшін ҚР Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы Кодексінің 593-бабы 2-бөлігімен барлығы 55 әкімшілік хаттама жасақталды”, – дейді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Әйгерім Ибадуллаева. 

Еске сала кетсек, кеше мектеп бітірушілер Ақтау көшелерінде құйындата көлік айдап, сайран салып жүргенін хабарлағанбыз