Электрондық үкімет порталында елде уақытша болатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Қызметтің қолжетімділігін қалпына келтірудің жоспарланған мерзімі – 1 қазан. Қызметтің тоқтатылу себептері көрсетілмеген.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, наурыздан бастап 35 782 Ресей азаматы ЖСН алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16 есе көп (2230 ресейлік). Сондай-ақ. 637 Украина азаматына ЖСН берілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда үш есе көп (213 украин).