×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Ауруханада жатқан Арыстанбек Мұхамедиұлы уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды

27.05.2022, 11:12
фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық музейінің директоры Арыстанбек Мұхамедиұлы ауруханадан шығарылып, Нұр-Сұлтан қаласындағы ПД уақытша ұстау изоляторына ауыстырылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz анонимді дереккөздерге сілтеме жасап. 

Бұған дейін экс-министрдің баспасөз хатшысы Айдар Қырықбайұлы Мұхамедиұлының ауруханада жатқанын хабарлаған еді.

Еске сала кетейік, Нұр-Cұлтан қаласы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі» РМҚК лауазымды тұлғаларына қатысты «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық көрмесін өткізу бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы шарт аясында 146 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Ұлттық музейді 2019 жылдан бері Арыстанбек Мұхамедиұлы басқарады.