×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Шымкентте ашуға мінген еркек жұрттың көзінше әйелін соққыға жықты (ВИДЕО)

27.05.2022, 17:03
видеодан алынған кадр

Шымкентте ер азамат күндіз қоғамдық орында әйелін соққыға жықты. Оқиғаның видеосы желіде тарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Желідегі бейнежазбадан соққыға жығылған әйелге өтіп бара жатқан адамдар араша түскенін, ашуға мінген еркекті тоқтатуға тырысқанын аңғаруға болады. Алайда өз әрекетінің видеоға түсіріліп жатқанын байқаған ер азамат одан бетер өршеленіп, әйелге шүйліге түскен.

Ең сорақысы, бұл оқиға кішкентай баланың көзінше болып жатыр. 

Желі қолданушылары видеоның астына “Байғұс баланы неге аямайды”, “Еркек деген аттан садаға кет”, “Еркектерге не болып барады? Жедел жауапқа тарту керек мұндайларды” деген пікірлер жазған.