×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Ең кемі 928 теңге: Қазақстандықтар бір күнде қанша қаржы жұмсайтыны белгілі болды

27.05.2022, 18:08
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан тұрғындары күніне кем дегенде 2,2-2,5 доллар жұмсайды. Бұл халықаралық стандарт нормаларына сәйкес келеді. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Асқар Ниязов осылай мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Ең кедей елдер өз халқы үшін кемінде күніне 1 долларға өмір сүруді қамтамасыз етуге тырысады, дамушы елдер – күніне 1,9 доллар, одан кейін – күніне 2,5 долларға ұмтылады, дамыған мемлекеттерде күніне 5,5 доллар жұмсалады. Біз дамушы елміз, сондықтан экономикалық жағдай бізге сатып алу қабілетінің паритеті бойынша күніне 2,2-2,5 доллар жұмсауға мүмкіндік береді. Бұл халықаралық стандарт нормаларына сәйкес келеді», - деді министрлік өкілі.

Ниязовтың сөзінше, 2020 жылы атаулы әлеуметтік көмек алған 47 мың отбасы, ал 2021 жылы 51 мың отбасы кедейлік жағдайынан шыққан. 2020 жылы жалпы сомасы 65,6 млрд теңгеге АӘК төленген.