×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

"Басын асфальтқа ұрғылаған": Қосшыда ер адам 9 жастағы баланы сабап тастады

31.05.2022, 16:09
фото: әлеуметтік желіден

Қосшы қаласында ер адам 9 жастағы ұлымен жанжалдасып қалған баланы соққыға жыққан. Қан-жоса болған баланың фотосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Желідегі жазбада 9 жастағы екі бала аулада жанжалдасып қалғаны, оны көрген балалардың бірінің әкесі екінші баланың жанына жүгіріп келіп, күш көрсете бастағаны жазылған. 

"Ашуға булыққан 40 жастағы ер адам балаға жұдырық ала жүгірді. Ол аз дегендей, желкелей ұстап, баланың басын асфальтқа ұрғылады. Баланың көгермеген жері жоқ, соққыдан тістері түсіп, жағынан қан кетті, көзінің алдында үлкен ісік пайда болды. Ал оны соққыға жыққан әлгі адам сол күйі қамауға алынған жоқ", - делінген жазбада.

Желідегі жұрт қорғансыз балаға аяусыз күш көрсеткен ер адамныңзаң жүзінде барынша қатаң жазаға тартылуын талап етуде.