×
479.42
467.91
8.21
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
479.42
467.91
8.21

Әртістердің сахнаға мас болып шыққаны үшін жауапкершілік енгізіле ме – Абаевтың жауабы

01.06.2022, 13:05
фото: ашық дереккөзден

Үкімет отырысан кейінгі сұхбатта ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев әртістердің сахнадағы өрескел іс-қимылдары туралы сауалға жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ирина Қайратовна» тобының оқиғасына қатысты, әртістердің сахнаға мас болып шыққаны үшін жауапкершілік енгізесіздер ме?», - деп сұрақ қойды тілшілердің бірі министрге.

«Шын мәнінде елімізде мыңдаған концерттер өтеді, осындай оқиғалар да болып жатады. Бірақ мыңдаған әртістердің бәрі сахнада өрескел қылық көрсетіп жүрген жоқ. Бұл мәселені жақсы білеміз және қарастырып жатырмыз. Жақын арада осы бағытта не істейтініміз туралы нақты нәтижелер береміз деп ойлаймын. Мәселе әлі талқыланып жатыр. Кім кімге шағым түсіруі керек, полицияға кім хабарлауы керек, жауапкершілік кімде, әлі ештеңе белгісіз», –  деп жауап берді Д. Абаев.