×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Дубайда 1550 қазақстандықтың өз баспанасы бар

02.06.2022, 14:32
фото: ашық дереккөзден

Дубайда 1550 отандасымыздың өз баспанасы бар. EU Tax Observatory мамандары дайындаған есепте осындай дерек келтірілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Есепте Дубайдағы 800 мың жылжымайтын мүлік иелері туралы мәліметтер сараланған.

Зерттеуде анықталғандай, қазақстандықтар Дубайдан жиыны 2694 жылжымайтын мүлікке иелік етеді. Олардың жалпы құны 1,018 миллиард доллар. Орташа есеппен бір жылжымайтын мүлік үшін 377 989 доллар жұмсаған. 

Салыстырмалы түрде айтсақ, Біріккен Араб Әмірліктерінің ең ірі қаласынан ресейліктер – 9755, ал қырғызстандықтар 236 пәтер алған.