×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Жыл басынан бері қанша адам қандас мәртебесін алғаны белгілі болды

03.06.2022, 11:27
фото: ашық дереккөзден

1 маусымдағы жағдай бойынша 5 679 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

«Жыл басынан бері Қазақстанға келген қандастардың жартысынан көбі, нақтырақ айтқанда 68,7%-ы Өзбекстаннан, 10,4% – Қытайдан, 8,8% – Түрікменстаннан, 2,6% – Моңғолиядан және 9,5% басқа елдерден қоныс аударған. Келген этникалық қазақтар негізінен Алматы (31,1%), Маңғыстау (18,8%), Түркістан (10,3%) және Жамбыл (6,2%) облыстарына, сондай-ақ Алматы (6%), Нұр-Сұлтан (6,9%) және Шымкент (7,9%) қалаларына қоныстанды», – делінген министрлік мәліметінде.

Ведомствоның сараптауынша, еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар - 63,2%, еңбекке қабілетті жастан кіші қоныс аударушылар - 22,8% және зейнеткерлер - 14%.

Ал, еңбекке қабілетті жастағы қандастардың 11,4%-ы – жоғары, 40,3%-ы – орта кәсіби, 46,6%-ы – жалпы орта білімді және 1,7%-ның білімі жоқ.

Айта кетсек, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 93,5 мың этникалық қазақ оралған.