×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Референдум: Украина аумағында дауыс беру учаскелері бола ма

03.06.2022, 14:02
фото: ашық дереккөзден

Украина аумағында Қазақстан Конституциясына түзетулер бойынша референдумда дауыс беруге арналған учаскелер болмайды. Бұл туралы ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Жалғас Әділбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Біздің барлық азаматтарымыз Қазақстанға дер кезінде жеткізілді. Егер онда қалған азаматтарымыз немесе туристер болса, олар Варшаваға барып дауыс бере алады. Украина аумағында дауыс беруге арналған учаскелер болмайды",  – деді Жалғас Әділбаев журналистерге.

Оның мәліметінше, Украинада Қазақстан елшілігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелері қалды.

"Олар Варшавада дауыс береді", - деді елші.