×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Ер адам 4-сыныпта оқитын қызын қуған өзбек жігітіне шағымданды

04.06.2022, 11:06
elitar.kz

Алматы облысы Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі Тілектес бөлімшесінде 20 жастағы өзбек жігіті дүкенге бара жатқан 4-сыныпта оқитын оқушыны аңдып, соңынан қуған, – деп хабарлады  Ulysmedia.kz.

Әкесінің айтуынша, оқиға күндізгі уақытта болған. 

“18-20 жастағы өзбек 4-сыныпта оқитын қызыма сен сүйкімдісің, әдемі екенсің депті. Қызым дүкенге шыққан. Артыңнан аңдып, дүкенге дейін барған. Дүкеннен шыққан соң артынан қайта еріпті. Қызымды қуып, қызым үйге жылап кірген. Жүкті әйелім біздің үйдің қасында жұмыс істеп жүрген өзбектерге барып айтса, олар біздің жігіт шыққан жоқ деп бет қаратпапты. Мен жұмыстан шыға сала сонда бардым, 3 жігіт болып бардық. Бізге 6 өзбек жабылды. Учаскелік полицейлер оларды аудандық полиция бөліміне апарудың орнына алып кетіп, жоқ қылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын тележүргізушінің отбасын қырып, аяғы ауыр келіншегін өлтіріп кеткенг де осы өзбектер. Жігіттер, қазақ жігіттері ояныңдар! Намыс қайда? Қашанғы жерімізде өзбектер бізді басынады. Мен өзімді әрең ұстап тұрмын, өлтіріп жіберетін едім. Ертең менің орнымда өздерің де боласыңдар. Алла сақтасын, жамандық тілемеймін”,  – деді көз жасына ерік берген әке.