×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Бір жылда 45 мың отбасы ойран болған: Қазақстанның қай өңірінде ажырасулар көп

12.04.2023, 15:21
duja.ru

2022 жылы Қазақстанда 128,4 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,5% аз, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, өткен жылы 85,4 мың неке (66,5%) қалаларда, 43,0 мың неке (33,5%) ауылдық жерлерде тіркелген. 

Ерлердің 79,1%-ы және әйелдердің 81,0%-ы бірінші рет үйленсе, ерлерде ажырасқаннан кейін некені тіркеу үлесі 19,6%, әйелдерде - 17,6% болған.

Ажырасуларға келсек, 2021 жылмен салыстырғанда бұзылған некелер саны 7,7% азайған. Бір жыл ішінде 44,5 мың ерлі-зайыпты ажырасқан.

Олардың ішінде 33,2 мың ажырасу (74,6%) қалаларда тіркелсе, ауылдық жерлерде 11,3 мың ажырасу (25,4%) тіркелді.

Ажырасудың ең жоғарғы көрсеткіші Астана қаласында байқалды, онда ажырасудың жалпы коэффициенті 1000 тұрғынға 3,24, ал ең төменгі Түркістан облысында – 1000 тұрғынға шаққанда 0,98 оқиғаны құрады.

  • 1000 некеге – 347 ажырасудан келеді
  • ажырасудың жалпы коэффициенті – 2,27‰ (1000 адамға шаққанда)

Серіктес жаңалықтары