×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Алматының бірнеше шағын ауданы сусыз қалмақ

06.06.2022, 11:09
фото: ашық дереккөзден

Алматы қаласының бірқатар шағын ауданы бір күнге суық судан ажыратылады, деп хабарлайды «Алматы су» МКК баспасөз қызметі.

8 маусымда түнгі сағат түнгі 01:00-ден сағат 22:00-ге дейін Ақсай-4, Ақсай-5, Достық, Жетісу-1, Жетісу-2, Жетісу-3, Жетісу-4, Мамыр-1, Мамыр-2, Мамыр-4, Мамыр-5, Мамыр-6, Мамыр-7 шағын аудандарының аумақтарында орналасқан тұрғын үйлерге және өзге де ғимараттарға суық су беру тоқтатылады. Алматы қаласы Әуезов ауданын сумен қамтамасыз ету желілеріндегі технологиялық құрылғыларды ауыстыру мақсатында, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу үшін, суық сумен жабдықтау қызметі бойынша уақытша шектеулер енгізіледі,-делінген хабарламада.

Аталған мекеме уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды.