«Дикий Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевті қамауда ұстау мерзімі 7 тамызға дейін ұзарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.
«3 маусымда Алматы ауданаралық соты тергеу өтінішін қарап, Арман Жұмагелдиевті қамау мерзімін 7 тамызға дейін ұзартты», - деп мәлімдеді соттың баспасөз қызметі.
Еске сала кетейік, 7 қаңтарда Алматы полицейлері «Дикий Арман» лақап атымен танымал қылмыс әлемінің серкесі Арман Жұмагелдиевті ұстаған болатын. Кейін Бас прокуратура «Дикий Арманың» Ұлттық қауіпсіздік қызметінің тергеу изоляторында отырғанын хабарлады.