×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Елімізде макарон өнімдері 11% қымбаттады

04.10.2021, 10:09
Елімізде макарон өнімдері 11% қымбаттады
фото: Ашық дереккөзден

Бұл бір жылдағы көрсеткіш. Бұған қоса осы сектордағы өндіріс бірден 13%-ға төмендеді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Биылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда 100,8 мың тонна макарон, кеспе, кускус пен басқа ұқсас ұн өнімдері өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 13,3%-ға аз, дейді energyprom.kz.

Аталған секторда өндіріс көлемі бойынша өңірлер арасында Шымкент көш бастап тұр. Осы мегаполисте бір жылда 17,8 мың тонна өнім өндірілген, минус 16,3%. Сондай-ақ көшбасшылар үштігіне елорда (16,7 мың тонна, минус 19,2%) мен Батыс Қазақстан облысы (15,1 мың тонна, минус 1,3%) кірді.

Жалпы, 2020 жылы елімізде 179,3 мың тонна макарон өнімдері өндірілді. Бұл бір жыл бұрынғыдан 6,2%-ға көп.

Сонымен қатар макарон өнімдері бір жылда 11,1%-ға қымбаттады. Ең көп бағасы өскен аймақтар: Атырау (22%), Қызылорда (18,4%) және Қарағанды (17,5%) облыстары.

Кеспе бағасы 12,4%-ға, спагетти 11,5%-ға, вермишель 10,9%-ға, рожки 10,7%-ға өсті.

Қыркүйекте базарлар мен дүкендерде кеспенің бір келісін 782 теңгеге, вермишельдің бір келісін 374 теңгеге, рожкидің бір келісін 361 теңгеге сатып алуға болатын.