×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Елімізде Яндекс, Wolt, Glovo-да онлайн еңбек ететіндердің жұмысы заңдастырылатын болды

07.06.2022, 11:41
фото: ашық дереккөзден

Елімізде  платформалық жұмыспен қамтуды заңдастыру қолға алынбақ. Бұл туралы  Үкімет отырысында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Министрдің сөзінше, соңғы жылдары Қазақстанда нақты секторға қарағанда, қызмет көрсету саласында жұмыспен қамтылғандардың саны артқан.

Сараптамалық мәліметтерге жүгінсек, Қазақстанда 500 мыңға жуық адам платформалық жұмыспен қамтылған. Яғни, азаматтар Яндекс, Убер, Вольт және Глово сияқты түрлі онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейді. Мұндай режим тұрғындарға ыңғайлы екені сөзсіз. Алайда оның басты кемшілігі – жұмыспен қамтылғандар үшін әлеуметтік кепілдіктің жоқтығы. Бір сөзбен айтқанда, ондай азамат жұмыссыз қалса немесе жүктілігіне және балалы болуына байланысты жұмысын тоқтатса, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан қажетті әлеуметтік төлем ала алмайды, - дейді Тамара Дүйсенова.