×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Министрлік мұғалімдерді референдумда дауыс беруге мәжбүрлегені рас па

07.06.2022, 15:47
фото: ашық дереккөзден

Білім және ғылым министрлігі мұғалімдерді референдумда дауыс беруге мәжбүрлеген жоқ. Бұл туралы ведомство басшысы Асхат Аймағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Министрлік тарапынан ешқандай мәжбүрлеу болған жоқ және болмайды да. Егер мұндай фактілер болса, бізге ақпарат беріңіздер, біз оны міндетті түрде тексереміз. Қоғамда мынадай жағдай қалыптасты: егер басқа кәсіптің өкілі қылмыс жасаса немесе қателессе, онда олардың мамандығы емес, тегі мен аты аталады. Ал мұғалім қателессе, міндетті түрде мұғалім екенін астын сызып тұрып көрсетеді. Менің ойымша, бұл дұрыс емес. Себебі бұл мәселе мұғалімнің мәртебесі мен еліміздің болашағына қатысты", – деді министр Үкімет отырысынан кейін.

Айта кетейік, референдум кезінде журналистер мен тәуелсіз бақылаушылар кейбір дауыс берушілердің учаскеде суретке түсіп жатқанын аңғарған. Олардың кейбіреулері сурет жұмықа есеп беру үшін қажет екенін айтқан.