×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

«1-орынға шықты»: Алматылық дәрігерлер балалар арасында қандай ауру өршіп тұрғанын айтты

07.06.2022, 16:19
фото: ашық дереккөзден

Балалар арасындағы бүйрек ауруы асқынып барады. Алматылық дәрігерлер осылай дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

 

«Бүгінгі таңда бүйрек ауруы өте өзекті. Зәр шығару жолдарының инфекциясы бұрын екінші орында болса, қазір респираторлық аурулардан асып түсіп, бірінші орынға шықты. Бүгінгі күні көптеген ата-ана балаларының бүйрек патологиясы мен зәр шығару жолдарының инфекциясын емдеу үшін дәрігерлерге жүгініп жатыр. Ең алдымен, балаларға көп су ішу керек, балалардың кіші дәретін қуықта ұзақ сақтамауын қадағалау қажет. Сонымен қатар іш қатудың алдын алу керек», - дейді №2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы нефрология бөлімшесінің меңгерушісі Сәуле Алпысбаева.

Дәрігердің айтуынша, бүйрек аурулары және лейкоцитурия, гематурия түріндегі зәр шығару синдромы кезінде жалпы зәр анализін тапсырып, бүйрекке ультрадыбыстық зерттеу жүргізіп, маманға жүгіну қажет. Сонымен қатар спикер ұлдар мен қыздар арасындағы бүйрек ауруларының 80 пайызы микробтық қабыну ауруларына байланысты екенін атап өтті.

«Зәр шығару жолдарының инфекциясын нефрологтар ғана емес, сонымен қатар жергілікті дәрігерлер де тексере алады. Бұл инфекцияны емдеу дереу бактерияға қарсы және демеуші терапияны, сондай-ақ профилактиканы қажет етеді. Зәр шығару жолдарының инфекциясы бірінші кезекте қыздарда кездеседі», - деді ол.