×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

1,4 млн теңгенің жалған шот-фактураларын жасаған қылмыстық топ ұсталды

08.06.2022, 11:03
фото: ашық дереккөзден

Солтүстік Қазақстан облысында жалған шот-фактуралар жасаумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ҚР қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, екінші деңгейлі банктердің қаражатын жүйелі түрде қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысып келген топты Қаржылық мониторинг агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша аумақтық департаменті анықтаған.

2018-2020 жылдар аралығында әрекет еткен қылмыстық топты Петропавл қаласының тұрғыны ұйымдастырып, басқарған. Қылмыстық топтың мақсаты коммерциялық ұйымдардың салықтан жалтаруына көмектесу. Осы мақсатта қылмыстық топ бақылауындағы коммерциялық компаниялар арқылы жалпы сомасы шамамен 1,4 млрд. теңгенің шот-фактуралар жасаған.

«Сот үкімімен қылмысты ұйымдастырушы кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері мүлкі тәркіленіп, 5 және 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Облыстық соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Петропавл қалалық сотының үкімін өзгеріссіз қалдырды»,-делінген хабарламада.