×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Елордада лифт ішінде дәрет сындырған қыз ұсталды

09.06.2022, 13:57
Фото: polisia.kz

Нұр-Сұлтанда лифт ішіндегі бейне бақылау камерасына қыздың лифт ішінде дәрет сындырған сәті түсіп қалған. Тексеріс нәтижесінде сақшылар қоғамдық тәртіпке бағынбаған қызды ұстады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Polisia.kz басылымына сілтеме жасап. 

Оқиға Қабанбай батыр даңғылы бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған. Анықталғандай, жігіт өзінің құрбысымен бірге "Комфорт Де Люкс" кешеніне "испаниялық чизкейк" тапсырысын жеткізіп жүрген. Осы кезде қыз лифт ішінде дәрет сындырған. 

 

Есіл аудандық полиция басқармасының қызметкерлері "Ұсақ бұзақылық" бабы бойынша іс қозғаған. 

Ауданаралық мамандандырылған әкімшілік сотының шешімімен қоғамдық тәртіпті бұзған қыз 10 күнге қамауға алынды.