×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

«Жалақы азық-түлікке де жетпейді»: Елорда әуежайының қызметкерлері наразылыққа шықты

10.06.2022, 12:13
фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтанда әуежай қызметкерлері жұмыс жағдайына наразы. Олар жүк тасуға техниканың жетіспейтінін, елорданың ауа райына сай форманың жоқтығын, ең бастысы, жалақының аздығын айтып шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап.

Жұмыс көлемі үлкен, ал табысымыз тек дәрі-дәрмекке жетеді деген жұмысшылардың сауалына басшылық пандемиядан кейін компанияның енді аяққа тұрып жатқанын себеп қылды.

Елуден астам әуежайдағы жүк тиеуші қызметкер үш адамның жұмысын істегенімен, айлығы азық-түлікке де жетпейтінін айтты.

“Бір ауысымда адам жетіспейтіндіктен, 10-12 адам жұмыс істейміз. Мұнда жұмыс істейтін жігіттердің барлығында 2-3 грыжа бар. Маған МРТ нәтижелері омыртқаның грыжасын көрсетті. 150-200 мың теңге жалақымызбен мұны емдеу мүмкін емес. Қазір дәрі-дәрмектің өзі 30 мың тұрады. Бұл ақшаға қалай емделіп, отбасымды асыраймын?” – деді жүк тиеуші қызметкер Марат Разхымбеков. 

Тағы бір жүк тасушы Амангелді Тукенов техникалардың жетіспегенінен жүкті қолымен таситындарын, кейде соның кесірінен жүктердің ауысып, жоғалып жататындарын айтты. Оның ақысы да қызметкерлердің жалақысынан кесілетін көрінеді.

“Әзірге әуежай пандемияға дейінгі көлемінің 80% ғана қалпына келтірілді. Пандемиядан кейінгі кезеңнен бері әуежай биыл алғаш рет жалақы көлемінде үш сыйақы төледі. Әуежай – барлық әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыратын тұрақты кәсіпорын”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежай басқармасының бірінші орынбасары Дәулет Хамзин.

Басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары да өткен жылмен салыстырғанда қызметкерлердің жалақысы 27 пайызға өскенін айтты. Соған қарамастан басшылық штатты кеңейтіп жалақыны қайта қарауға дайын екендерін айтты.

“Қызметкерлер маңызды мәселелер бойынша арнайы топ құрды. Ал әр топта барлық өзекті, алаңдататын мәселелерді жазып, басшылыққа беретін өкіл бар. Мұның бәрін мұқият қарастырамыз”, – деді Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайдың басқарма төрағасы Ерғазы Жолдасов.