Аптасына 5 күн жұмыс істейтін ел тұрғындары шілде айында 11 күн демалады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2022 жылдың шілдесінде қазақстандықтар екі мереке – Астана күні мен Құрбан айтты тойлайды.
Биыл елорда күні – 6 шілде, сәрсенбіге сәйкес келеді. Бұл ретте демалыс күндерін кейінге қалдыру қарастырылмаған. Осылайша 5 күн жұмыс істейтіндер де, 6 күн жұмыс істейтіндер де бір күн – тек 6 шілдеде демалады.
Мұсылман күнтізбесі бойынша Құрбан айттың бірінші күні – 9 шілде, сенбіге келіп тұр. Ол онсыз да демалыс күніне сәйкес келетіндіктен, қосымша демалыс қарастырылмаған.