×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Ақтау жағалауындағы «Итбалық» нысаны бүліне бастады

12.06.2022, 13:36
ашық дереккөзден

Ақтау жағалауындағы "Итбалық" нысаны бүліне бастады. Қалалық әкімдік өкілі бұл нысан ТКШ бөлімінің тапсырысы бойынша орнатылғанын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Жағалаудағы демалушылар “Итбалық” сәулет нысаны бүліне бастағанын байқаған.

“Сыртқы көрінісіне қарасақ, сәулет нысаны өте әлсіз. Ата-аналар балаларына өрмелеп, секіруге қалай рұқсат беретінін түсіне алмаймын. Тағы біраз уақыттан кейін бұл нысанды есептен шығара беруге болады. Бұл — көрнекті орын, оған дұрыстап қарау керек”, — деді жергілікті тұрғын Бауыржан.

Қалалық әкімдік мәліметінше, нысанды ТКШ бөлімінің тапсырысы бойынша Clover Media ЖШС орнатқан. Мердігерге кемшіліктерді түзету тапсырылған.

Сәулет нысаны Ақтау жағалауында 2022 жылғы қаңтардың аяғында орнатылған болатын.