×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Шетелде қазақстандық шенеуніктерге тиесілі 666 жылжымайтын мүлік нысаны анықталды

13.06.2022, 13:27
фото: ашық дереккөзден

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңінде шетелде қазақстандық шенеуніктер мен басқа да тұлғаларға тиесілі 666 жылжымайтын мүлік нысаны анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz LS-ке сілтеме жасап.

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне мемлекеттік қызметшілер, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар, оларға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары кіреді. Бұдан бөлек,  "Сайлау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Банктер және банк қызметі туралы", "Сақтандыру қызметі туралы" және "Бағалы қағаздар нарығы туралы" ҚР заңдары бойынша декларация тапсыруға міндетті адамдарға да осы санатта.

Жүйеге кірген алғашқы жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларация тапсырылады. Мемлекеттік кірістер комитетінің мәліметі бойынша, мұны 497 мың адам жасаған. Олардың 494-і 26 шет мемлекеттегі 666 жылжымайтын мүлік нысанын көрсетті.

Нысандардың ең көп саны Ресейде – 436. Сондай-ақ, қазақстандық шенеуніктердің БАӘ-де – 44, Түркияда – 38, Испанияда – 24, Англия мен Болгарияда – 20, Өзбекстанда – 12, Грузияда – 9, Қырғызстанда – 8 жылжымайтын мүлік нысаны бар.

Украинада Қазақстан азаматтарына тиесілі 6 жылжымайтын мүлік. Әзірбайжанда, Қытайда және Чехияда – 5. Германияда, Кипрде, АҚШ - та және Таиландта – 4 нысан көрсетілген.

Комитет нақтылағандай, шетелде жылжымайтын мүлкі мен автокөлігі бар қазақстандықтар олар үшін өз елінің бюджетіне салық төлемейді.