×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Конституциядан Елбасы статусын алып тастауды қолдамаған адам ғылымды көгерте ала ма

13.06.2022, 14:45
фото: ашық дереккөзден

Конституциядан Елбасының статусын алып тастасақ, Ресей Қазақстанмен шекарасын қайта қарауы мүмкін. Күні кеше ғана ҚР Ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалған Саясат Нұрбектің белгілі журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатта айтқан осы пікірі желіде қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Елбасы статусын Конституциядан алып тастау мәселесінде біз оған жеке тұлға ретінде қарамай, тәуелсіздіктің қауіпсіздігі тұрғысынан ойлауымыз керек. Қазақстан – ТМД мемлекеттері ішінде Ресей, Қытаймен, Орта Азия мемлекеттерімен өз шекараларын делимитациялаған жалғыз мемлекет. Бұл процесті кім бастады, кім жүзеге асырды – Елбасы. Біз Елбасының мәртебесін түсірсек, осындай маңызды процестерге күмән келтіргеніміз. Ресей тарапынан: «Сендер өздерің делимитацияға кепіл болған адамды алып тастадыңдар ғой, демек бұл процесс дұрыс болмаған шығар?» деген сұрақтар қойылуы мүмкін, - деген еді экс-депутат сәуірде берген сұхбатында.

Бүгінгі министрдің бұл пікірі әлеуметтік желі қолданушыларының көңілінен шыға қоймаған. «Ертегіні соғады екен. Айтса да салмақты, шын әңгімеге келетін ертегі айтпай ма?», «Бұл азамат халықаралық келісімшарттар туралы білмейді дегенге сенбеймін. Мына жерде соны біле тұра халыққа жалған сөйлеп отырғаны бұл азаматқа абырой әпермейді» дейді пікір білдірушілер. Тіпті, халықты бұлай жаңылтқан адамның ғылым саласын көгерте алатынына күмәнмен қарағандар да бар.