Қырғызстанның Ош облысы Қарасу қаласы тұрғынының үйінде Өзбекстанға баратын жерасты жолы табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Орталық Азияның жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.
Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, үй иесі әзірге белгісіз бірнеше адамдармен бірігіп 2021 жылдың қыркүйек айында көрші елге тауар және шетел валютасын жеткізіп отыру үшін жерасты жолын қазған.
Күдікті кінәсін мойындап, тергеу ісіне көмектесетінін білдірген.
Бұл соңғы айда Ош облысынан Өзбекстанға баратын жерасты жолы анықталған үшінші оқиға.