×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Қазақстан Украинада оқуын аяқтай алмаған үндістандық 200 студентті қабылдайды

14.06.2022, 14:37
фото: ашық дереккөзден

Қазақстанның медицина университеттері Украинадағы оқуы тоқтап қалған үнді студенттерін қабылдамақ. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Үндістан үкіметі бізге ресми жүгінді. Кеше елімізге Үндістанның сыртқы істер және мәдениет министрі Минакши Лекхи келді. Кездесуде Украинада жиырма мыңнан астам студенттің білім ала алмай қалғаны туралы мәселе көтерілді және бізден көмек сұрады. Жалпы, біздің университеттер көмек көрсетуге, шамамен 200 студентті қабылдауға дайын», - деді министр.

Ажар Ғинияттың сөзінше, шетелдік студенттер оқу ақысын өздері төлейді. Денсаулық сақтау министрлігі мүмкіндікке қарай үндістандық студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету мәселесін де қарастырмақ.