×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Қазақстанда электр энергиясы қымбаттайды

15.06.2022, 09:09
фото: ашық дереккөзден

Энергетика министрі Болат Ақшолақов алдағы жарты жылда электр энергиясының қымбаттауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz "Алматы" арнасына сілтеме жасап.

Бағаның көтерілуі көмірдің қымбаттауы, логистика шығындарының артуымен байланысты екен. 

"Үшіншіден – электр қуатын өндіретін кәсіпорын жұмысшыларының жалақысы. Бұл станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін керек. Өкінішке орай бұл салада төмен жалақы деңгейі сақталған. Сондықтан кадрлардың азаюына әкеп соғуы мүмкін. Қазір де азайып жатыр. Электр қуатын өндіретін станциялар табысын арттыру көзделіп отырған жоқ", - деді Болат Ақшолақов.