×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Қызылордалық фельдшер өртеніп жатқан ұшақтағы адамдарды аман алып қалды

15.06.2022, 15:56
фото: ашық дереккөзден

Қызылорда облысында фельдшер Марат Мейрамбек жанып жатқан ұшақтағы адамдардың өмірін аман алып қалды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Медициналық авиация диспетчерлік пунктіне Арал ауданынан ақпан айының басында қант диабетімен ауыратын 16 жастағы науқастың комаға түскені туралы қоңырау түскен. Сол кезде Марат Мейрамбек тек науқасты ғана емес, басқаларды да құтқаруға тура келетінін күтпеген еді.

«Қызылорда – Арал» бағыты бойынша жедел жәрдем рейсін орындаған Ан-2 ұшағы апатты жағдайда қону кезінде жанып кетіпті. Сол кезде Марат Мейрамбек жалынға оранған салоннан қымбат медициналық құрал-жабдықтар мен оттегі баллонын алып шыққан. Ұшақ соңғы сәтте кез келген секундта жарылып, екі ұшқыштың өмірін қиюы мүмкін еді.

Ешқандай қорқыныш, үрей болған жоқ. Тек сабырлы және тез әрекет ету керек деп ойладым. Апат кезінде өзімді ойламадым. Бар ойым тез шешім қабылдап, медициналық құрал-жабдықтарды құтқару және эвакуациялау болды, – дейді фельдшер.

Фельдшер өз әрекетін ерлік деп санамайды. Сондықтан ол апаттан кейін ертесінде кезекшілігіне қайта оралып, жұмысқа қайта кірісіп кеткен.

«Соңғы 10 жылда мұндай апат бірінші рет болып отыр. Фельдшеріміздің батылдығы мен ұшқыштардың кәсібилігінің арқасында ешкім зардап шеккен жоқ. Жалпы, жыл басынан бері 56 рет ұшып, Марат сияқты дәрігерлеріміздің білікті көмегіне мұқтаж ондаған науқасты аман алып қалдық», – дейді медициналық авиация бөлімінің басшысы Марал Әйтімов.

Айта кетсек, қазіргі жедел жәрдем ұшағының шыққанына жарты ғасырдан асқан және олармен ұшу қауіпті болып барады.