×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Нұр-Сұлтанда астан уланғандар саны 100-ге жуықтады

16.06.2022, 11:03
фото: ашық дереккөзден

Елордада тамақтан уланғандар саны 98 адамға жетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«16 маусым күні сағат 09.00-дегі жағдайға сәйкес жаңадан тағы 7 дерек тіркелді. Қорытындысында тамақтан уланғандар саны 98-ге жетті», - деп атап өтті Нұр-Сұлтан қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 9 және 10 маусымда департаменттің аудандық басқармаларына қала ауруханаларынан тағамнан улану тіркелгені туралы шұғыл хабарлама түскен еді.

Бүкіл науқастар бұл жағдай елорданың қоғамдық тамақтану орындарының бірінде тамақ өнімдерін тұтынғаннан кейін болғанын хабарлаған болатын. Сол уақытта 64 науқас медициналық көмекке жүгінгені белгілі болды. Оның 52-сі ауруханаға жатқызылды, 12-сі амбулаториялық ем алып жатқан.