×
468.45
489.06
7.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.45
489.06
7.66

Шілдеден бастап елорда әуежайында ұшақтар түнде ғана ұшып-қонады

16.06.2022, 14:01
фото: ашық дереккөзден

Келесі айдан бастап елордадағы халықаралық әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарының басталуына байланысты, ұшақтар түнде ғана ұшып-қона алады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Өйткені жөндеу жұмыстары 15 шілде мен 8 тамыз аралығында 11:00-ден 18:00-ге дейін жүргізілмек. Ал түнде рейстерді қабылдау және ұшыру шаралары атқарылады.

Бұған қатысты тиісті ақпарат әуе компанияларына ақпан айында берілген. Ұшу-қону жолағын жөндеу жұмыстарына орай рейстердің кестесіне түзету содан кейін енгізілді.

 Президентке қызмет көрсететін мемлекеттік күзет қызметі мен «Бүркіт» әуе компаниясы да осы тәртіппен жүреді.