×
468.98
493.74
7.59
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
468.98
493.74
7.59

Қошанов Алматыда адам өліміне апарып соққан митинг жайлы айтты

16.06.2022, 15:40
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық құрылтайда сөз сөйлеген Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов кісі өлімімен аяқталған Алматыдағы митинг сөз қозғады. Оның айтуынша, заң талабын орында деп билікті сынағандардың өздерін де заң талаптарынан жоғары немесе сырт қоймағаны абзал, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қошанов батыр Бауыржан Момышұлының «тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды» деген сөзін өсиет етіп ұстасақ артық болмайтынын жеткізді. 

«Тәртіпті тәрк етудің қандайына да тиісті заңмен баға берілуі тиіс. Қазіргі заңнама бойынша әркімнің митинг немесе бейбіт шеру өткізуге қақысы бар. Митинг деген күнделікті өмірдің көрінісіне айналды. Алайда кейбір азаматтар өз пікірін білдіру кезінде заң шеңберінен асып кететін іс-әрекеттерге барады. Мәселен, Алматыда бір топ азаматтың үлкен даңғылды жауып тастауы немесе аяқталғанын білеміз. Бұл заңға бағынбаудың, заңды аяққа басудың трагедияға алып келетінін көрсетті. Заң талабын орында деп билікті сынағандардың өздерін де заң талаптарынан жоғары немесе сырт қоймағаны абзал», - дейді ол.