×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Әлихан Байменов Qazaqstan мен "Хабарды" қоғамдық телекорпорацияларға айналдыруды ұсынды

16.06.2022, 15:50
фото: ашық дереккөзден

Белгілі саясаткер Әлихан Байменов Ұлттық білім қоры мемлекеттік бағдарламасын құруды ұсынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Сіз бастаған еститін мемлекет концепциясы толық жұмыс істеуі үшін халықтың мұң мен мұқтажын, даты мен дауысы билікке арыз-шағымсыз жететін құрылтайдан басқа да жүйелер қажет. Заманауи демократиялы елдерде бұл жүкті бұқаралық ақпарат құралдары алып жүр. Сол себепті бұл мақсатта Qazaqstan мен "Хабар" қоғамдық телеарналарын қоғамдық телекорпорацияларға айналдыру қажет деп ойлаймын», - деді Әлихан Байменов Ұлттық құрылтайда.

Оның айтуынша, арнайы мемлекеттік космиссия құрып, Алаш қозғалысына баға берсе қоғамдық сана сілкінер еді.