×
467.99
488.82
7.7
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
467.99
488.82
7.7

Зейнет жасын төмендету: Дүйсенова Жамаубаевтың жауабын күтіп отыр

16.06.2022, 17:35
фото: ашық дереккөзден

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі зейнет жасын төмендетуге қатысты ұсыныстардың қаржы министрлігіне жіберді. Бұл туралы ведомство басшысы Тамара Дүйсенова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Дүйсенованың сөзінше, әлеуметтік саладағы кез келген бастама қаржыға тіреледі. Сондықтан Қаржы министрлігі барлық ұсыныстарды таразылап, бюджеттен қанша шығын жұмсалатынын есептеуі керек.

Министр зейнет жасын төмендеткен жағдайда адамның ай сайын қанша ақша алатынын ескеру керектігін атап өтті.

"Еңбек өтілі мен жинақтың көлемі аз болса, зейнетақыны алуға мүкіндік бола ма? Мәселе сонда. Әлемдік тәжірибені ескерсек, тәжірибесі бар адамдарды әлеуметтік қызметке тарту керек. Сонда олар белсенді болады. Зейнетке жібере салып, еңбек жолын бірден аяқтауға болмайды", - деп атап көрсетті министр.

Еске сала кетейік, жуырда Сенат депутаты Дана Нұржігіт Үкімет басшысына жолдаған депутаттық сауалында әйелдердің зейнет жасын 58-ге дейін төмендетуді ұсынды.

Дана Нұржігіттің сөзінше, қазір Қазақстанда 453,1 мыңға жуық жұмыссыз бар. Оның ішінде 15-28 жас аралығындағы 9 262 адам жұмыс іздеп жүр және оларға жыл сайынғы жоғары оқу орындарының түлектері қосылады. Олар да әрдайым уақытылы жұмыс таба алмайды. Сенатордың айтуынша, еліміздегі жұмыссыздық мәселесін шешудің бірден-бір жолы – әйелдердің зейнет жасын төмендету.