×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Кешіккен рейстер: Әуе компанияларының жолаушыларға төлейтін айыппұлы ұлғаяды

17.06.2022, 15:49
фото: ашық дереккөзден

Елімізде рейсі кешіккен әуе компанияларының жолаушыларға төлейтін айыппұлы ұлғайтылмақ. Бұл туралы Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Қазақстан Республикасында ұшу тұрақтылығының көрсеткіші 2021 жылы шамамен 82 пайызды құрады. Бұл ретте Еуропалық одақ елдері мен АҚШ көрсеткіштері тиісінше 77 және 80 пайызды құрайды. Сонымен қатар, қолданыстағы заңнама әуе компаниясының кінәсінен рейстердің кешігуі немесе болмауы кезінде ұсынуға міндетті қызметтерді көздейді. Бұдан басқа, тасымалдаушы кешіктірудің әр сағаты үшін билет құнынан 3 пайызы мөлшерінде айыппұл төлейді. Бұл ретте, рейстердің кешігуі кезінде жолаушылардың құқықтарын қорғау мақсатында жолаушыларға төленетін айыппұл мөлшерін ұлғайту мәселесі қаралуда. Рейстер кешіктірілген кезде жолаушылар алдындағы өз міндеттерін орындамаған жағдайда, әуе компаниясы айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылады», - делінген депутаттарға берілген жауапта.

Бірінші вице-премьердің сөзінше, 2021 жылы рейстің кешігуі кезінде заңнамада көзделген қызметтердің көрсетілмеуіне байланысты тасымалдаушыны әкімшілік жауапкершілікке тартудың 3 жағдайы тіркелді.

«Сонымен қатар, 2021 жылы әуе кеңістігінде орындалған тұрақты рейстердің саны өткен жылмен салыстырғанда 36 пайызға өсті. Бұл ретте орындалған субсидияланатын әуе рейстер саны 4 365 рейсті немесе жалпы рейстердің 6 пайызын құрады», - деді Скляр.