×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қытай, Иран, Үндістан азаматтарына Қазақстанға визасыз кіруге рұқсат берілмек

17.06.2022, 18:07
фото: ашық дереккөзден

Азаматтары Қазақстанға визасыз келе алатын елдердің тізімі 100-ге жетпек. Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

– Биыл Қазақстан ішкі туризм бойынша рекордтық көрсеткіш – 6,9 миллион туристке жетті. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда ең жақсы көрсеткіш, 2019 жылдан бері отандық туристерді тарту бойынша Қазақстан тарихындағы ең жоғары көрсеткіш болды. Дегенмен, шетелдік туристер үшін рекордтық көрсеткіш, – деді Ержан Еркінбаев.

Вице-министрдің сөзінде, жыл соңына дейін елімізге шетелден 500 мыңнан бір миллионға дейін турист келеді деп болжанып отыр.

– Шекаралар жабылып, пандемияға байланысты шектеулер енгізілді. Бүгіннен бастап барлық шектеулер алынып тасталды. 74 елге визасыз режим қайтарылды. Бұл тізімді 100-ге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Иран, Қытай, Үндістан азаматтары үшін визасыз режимді енгізу мәселесі пысықталуда, – деді министрдің орынбасары.