×
470.9
496.94
8.83
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
470.9
496.94
8.83

Қаржы пирамидасын жарнамалаған вайнерлерді қамауда ұстау мерзімі тағы ұзарды

19.06.2022, 09:20
Көрнекі сурет: ашық дереккөзден

Алматыда Mudarabah Capital қаржы пирамидасы бойынша вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязовты қамау мерзімі тағы екі айға ұзартылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Тергеу сотының 18 маусымдағы қаулысымен сотқа дейінгі тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. М. Төребаев пен М. Шерниязовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы 2 айға ұзартылды», - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Еске салайық, аталған іске қатысы бар деген күдікпен танымал вайнерлер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов күдікті ретінде ұсталған болатын.

Дәл осы «MUDARABAН CAPITAL» қаржы пирамидасынан 20 млн теңгесін қайтара алмаған әйел өзін-өзі ІІМ алдында өртеп жіберді. 

Ішкі істер министрлігінің Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов "Mudarabah Capital" қаржы пирамидасын ұйымдастыру бойынша 14 күдікті адам тергеліп жатқанын және құрылтайшылардың біріне халықаралық іздеу жарияланғанын айтқан.