×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Жалпы құны – 12,5 млрд еуро: ЕО ресейлік олигархтарды қымбат яхта мен тікұшақтарынан айырды

20.06.2022, 10:44
фото: ашық дереккөзден

Еуроодақ санкциялары салдарынан ресейлік олигархтар мен мекемелер құны 12,5 миллиард еуродан асатын қымбат яхта, тікұшақ, жылжымайтын мүлік сынды басқа да активтерінен айырылды, деп хабарлайды Die Welt басылымы.

«Ресейлік олигархтардың бұғатталған активтерінің көлемі осы жылғы сәуір айынан бастап 6,7 миллиард еуродан 12,5 миллиард еуроға дейін, яғни екі есеге жуық артты», – дейді Еурокомиссияның әділет жөніндегі ресми өкілі Кристиан Виганд.

Оның сөзінше, бұғатталған активтердің күрт өсуін соңғы апталарда, әсіресе, Германияда ресейлік олигархтарға тиесілі көптеген нысандардың анықталып, бұғатталуымен байланысты.