×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қазақстанда қанша нашақор есепке алынған?

20.06.2022, 13:25
фото: ашық дереккөзден

Елімізде 18,5 мың нашақор есепке алынған. Бұл жөнінде ҚР ІІМ Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті басқармасының бастығы Бақытжан Әмірханов мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

«Біріккен ұлттар ұйымының мәліметі бойынша соңғы 10 жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 22 пайызға өскен. Әлемде шамамен 275 млн нашақор адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өліміне себепші болып отыр. 19 млн халқы бар Қазақстан үшін есірткіге елітудің тіпті, елеусіз көрсеткіші ұлттық қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіреді. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтеріне сүйенсек елімізде 18,5 мыңнан астам нашақор тіркеуде тұр. Оның ішінде 1,5 мыңы - әйел, ал 94-і - жасөспірім», - деді ол министрліктің баспасөз алаңында өткен брифинг барысында.

Ішкі істер миинстрлігі өкілінің сөзінше, бұл – нақты тіркеуде тұрғандардың саны.

«Ал шын ахуалға келетін болсақ, науқастар саны бірнеше есе артып жығылады. Қазақта «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген мақал бар. Сол сияқты тек құқық қорғау органдарының ғана күшімен әлемді жаулаған бұл індетті жеңе алмаймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, барлық мүдделі құзырлы мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың, қоғам өкілдерінің, мемлекеттік емес ұйымдардың, жалпы жұртшылықтың бірлескен күш-жігері жұмылдырылуы абзал. Осы орайда Үкімет басшылығымен арнайы профилактикалық іс-шаралар жоспары бекітіліп, жоғарыда аталған барлық органдар мен ұйымдардың қатысуымен ел бойынша әрбір жасөспірімге және олардың ата-аналарына есірткінің зияны туралы түсіндіру мақсатында кең ауқымды іс-шаралар өткізіліп жатыр», - деді Бақытжан Әмірханов.