×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Қаңтар оқиғасынан кейін аяусыз азапталған Азамат Батырбаев өз кінәсін мойындады

20.06.2022, 18:12
Коллаж: Ulysmedia.kz

Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғандағы Назарбаев ескерткішін бұзып, кейін полицейлер аяусыз азаптаған Азамат Батырбаев өз кінәсін мойындап, прокурормен іс жүргізу келісіміне қол қойғаны белгілі болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл ақпаратты оның адвокаты Бауыржан Азанов растады. Алайда, ол Ulysmedia.kz дереккөзінің тәртіпсіздікке қатысқан күдіктінің полиция және туыстарының қысымымен прокурормен мәмілеге келгені жайлы дерегін растамады, жоққа да шығармады.

Осы процестік келісімнің шарттары бойынша прокурор Батырбаевқа анағұрлым жеңіл жаза – шартты түрде төрт жыл бас бостандығынан айыруды сұрайтын болады.

Еске сала кетейік, Батырбаев туралы алғаш рет қаңтар айындағы оқиғалардан кейін, БАҚ пен әлеуметтік желілерде Талдықорғандағы Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткішін бұзу кадрлары пайда болғаннан кейін айтыла бастады. Осыдан кейін Азамат қамауға алынып, оны ыстық үтікпен аяусыз азаптады. Ұсталған азаматтың фотосуреттерін тек қазақстандық қана емес, әлемдік БАҚ та басып шығарған.

Бұған дейін Адвокат Азанов Батырбаевтың азаптауына күдікті азамат жедел уәкіл 27 ақпаннан бастап қамауда отырғанын хабарлады. Сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында бұл жағдайды білетінін айтып, мұндай жағдайға жол берілмейтінін мәлімдеді.