×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Ұлттық құрылтай идеялар ұсынатын және оны жүзеге асыратын диалог алаңы болмақ – Ерлан Қарин

21.06.2022, 11:38
фото: ашық дереккөзден

Ұлттық құрылтай қоғамды ұйыстыру жолында идеялар ұсынатын диалог алаңы болмақ. Бұл жөнінде Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Youtube каналында жарияланған бейнероликте мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ұлттық құрылтай қоғамды одан әрі ұйыстыру жолында идеялар ұсынуға және оны жүзеге асыруға бағытталған диалог алаңы болмақ. Оның құрамында 117 адам бар. Құрылтайға парламент депутаттары, саяси партиялардың, қоғамдық кеңестердің, кәсіпкерлер, білім, медицина, мәдениет, адам құқықтарын қорғау саласының өкілдері мен белсенді жастар мүше болды. Ұлттық құрылтайдың басты ерекшелігі – оған әр өңірдегі қоғамдық кеңестерден бір өкіл мүше болып кірді. Осылайша аталған диалог алаңы барлық қоғамдық кеңестердің түйіні болып отыр», – деді Мемлекеттік кеңесші.

Еске сала кетейік, 15 маусымда Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай құру туралы Жарлыққа қол қойып, оның ережесі мен құрамын бекітті.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысы араға ширек ғасыр салып облыс мәртебесін қайта алған Ұлытау өңірінде өтті.