×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Ресейлік журналистің Нобель медалі 103,5 млн долларға сатылды

21.06.2022, 13:09
фото: ашық дереккөзден

Ресейлік журналист Дмитрий Муратовтың Нобель медалі аукционда рекордтық бағаға сатылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Аукцион 700 мың доллардан басталып, аз уақыт ішінде оған ұсыныс бірнеше миллион доллардан асып түскен. Баға 16,6 миллион долларға жеткенде телефон арқылы 103,5 миллион доллар ақы ұсынылған. Аукцион осы сомамен жабылды.

Сатып алушының кім екені белгісіз. Қаражат ЮНИСЕФ халықаралық қорына аударылады.

Нобель медалінің бұған дейінгі рекорды 4,76 миллион доллар болған. Бұл бағаға 2014 жылы Christie's аукционында ДНҚ молекуласының құрылымын ашқан америкалық биолог Джеймс Уотсонның наградасы сатылған болатын.

Еске сала кетейік, "Новая Газета" басылымының бас редакторы Дмитрий Муратов Бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығын 2021 жылы "демократия мен бейбітшілік орнату үшін басты шарт болып табылатын өзін-өзі көрсете алу мүмкіндігі мен сөз бостандығын қорғауға" қосқан үлесі үшін алған.