×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

БЖЗҚ елден кеткен қазақстандықтарға қанша қаржы төлегені белгілі болды

21.06.2022, 13:29
фото: ашық дереккөзден

БЖЗҚ бес ай ішінде қазақстандықтарға 947,5 млрд теңге төледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қор ақпаратына сүйенсек, тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге берілетін біржолғы зейнетақы төлемдері 840,6 млрд теңгені құраған. Жасына байланысты төлемдер – 42,4 млрд теңге, мұрагерлік бойынша – 28,6 млрд теңге, Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кетуге байланысты – 20,9 млрд теңге.

Сонымен қатар сақтандыру ұйымдарына шамамен 11,7 млрд теңге, жерлеуге – 2,3 млрд теңге және мүгедектік бойынша – 1 млрд теңге аударылды.

"БЖЗҚ-дан кесте бойынша ай сайынғы орташа төлем сомасы (зейнеткерлік жасқа толуына байланысты) 29 360 теңгені, ал ай сайынғы ең жоғары төлем сомасы 707 326 теңгені құрады", - делінген қор хабарламасында.

Сондай-ақ қор өкілдері 2022 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшыларының шоттарындағы зейнетақы жинақтарының сомасы 12,8 трлн теңгеге жеткенін атап өтті.