×
460.95
487.18
8.66
#қаңтар қақтығысы #Ресей-Украина соғысы #әкімге үш сұрақ #лот ашар #кибербуллинг #жаңа облыстар #коронавирус #hi-tech
460.95
487.18
8.66

Жанболат Мамай қаңтар қырғынын ұйымдастырушылардың бірі ме?

21.06.2022, 14:27
фото: ашық дереккөзден

Тіркелмеген Демпартияның көшбасшысы Жанболат Мамай қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғандар қатарында жоқ. Бұл туралы инсайдерге сілтеме жасап журналист Махамбет Әбжан мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Инсайдердің айтуынша, тәртіпсіздіктердің артында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отбасы мүшелері тұр.

"Кейбір арсыз шенеуніктер полицияны пайдаланып, қаңтар айындағы тәртіпсіздіктерге қатысы бар деген желеумен өздеріне ұнамайтын белсенділерді, журналистерді және саясаткерлерді ысыруға тырысады деген пікір бар. Мамай олардың кейбіріне кедергі келтірді", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 8 маусымда Жанболат Мамайға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деген айып тағылған болатын.